Ақтауда жылу құбыры жарылып, жасөспірім күйіп қалды
Ақтауда жылу желісінде апат болып, жасөспірім ыстық суға күйіп қалды. Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға 15-ші шағын ауданда болған. Магистралды құбыр жарылып, қайнаған су атқылап жатқан жерге 11 жастағы жасөспірім құлап кеткен. Салдарынан екі аяғын күйік шалып, бала шұғыл ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер жеткіншектің жағдайы ауыр дейді. Ал, коммуналдық мекеменің қызметкерлері оқиға орнында таңға дейін жұмыс істеп, жылу желісін қайта іске қосты.
Ержан Жеңісұлы, «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі директорының орынбасары:
Бала байқаусызда шұңқырға түсіп кетті. Бірақ бізге хабар 7 жарымда келген. Біздің қызметкердер сол 15-20 минут шамасында келіп суды тоқтатты. Магистралдық болған соң, бірнеше жерден суды тоқтатты. 15 шағын аудан жылуы ажыратылды. Кейін 4-5 сағаттан соң жылу желісі қосылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13