ОПЕК+ елдері мұнай өндіру көлемін арттырады
Жаһан жаңалықтарына тоқталсақ. ОПЕК+-ке мүше елдер мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға келісті. Бұл туралы «Блумберг» агенттігі хабарлады. Бұл ақпаратқа сай, сәуірден бастап олар мұнай өндіруге қойылған шектеуді біртіндеп бәсеңдете бастайды. ОПЕК+ тарапынан мұндай шара 2022 жылдан бері алғаш рет қабылданып отыр. Бұған дейін мұнай бағасын нығайту үшін шикізат өндірісі арттырылмаған еді. Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне сай, әлемдік мұнай нарығында биыл ұсыныс артпақ. «Рейтердің» мәліметінше, ОПЕК+-тің бірнеше елі мұнай өндіруді күніне 138 мың баррельге жеткізбек. Бұл жаңалықтан соң шикізат бағасы төмендей бастады. Мысалы, «Брент» маркалы мұнайдың бір баррелі 71 долларға саудаланып жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22