Қыркүйек айында LRT пойыздарына тестілік сынақтар басталады
Қыркүйек айында LRT пойыздарына тестілік сынақтар басталады. Бұл туралы жауапты компания хабарлады. Қазір ішінара станциялардың құрылысы аяқталған. Әр станция жылыту және желдету жүйелерімен, сондай-ақ жедел сатылармен жабдықталан. Ресми мәлімет бойынша LRT жобасы аясында 22,4 шақырым қашықтықты қамтитын 18 бекет салынады. 652 жолаушы сыятын 19 вагон сатып алынбақ. Пойыздар сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүреді. Астана халықаралық әуежайынан «Нұрлы Жол» теміржол бекетіне дейінгі аралықты 36,4 минутта жүріп өтеді. LRT пойыздары тәулігіне 25 мың жолаушыны тасымалдайды деп жоспарланған.
Орынбасар Ағыбаев, «City Transportation Systems» ЖШС басқарушы директоры:
Тестілік пайдалану немесе тестілік іске қосу бұл пайдалануға берер алдындағы маңызды кезең. Барлық инфрақұрылым элементері, пойыздар мен оның барлық жабдықтары тексеріледі. Соның ішінде рельстердің бүтіндігі, электрмен жабдықтау және телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақ барысында деректер жиналып, талданады. Нәтижеге қарай, LRT жүйесі пайдалануға беріледі. Алғашқы тестілеу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бұл сынақтар бірнеше айға созылуы мүмкін.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29