Жамбыл облысында тазалық шарасына 10 мың адам қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында тазалық шарасына 10 мың адам қатысады

04.03.2025

Биыл Жамбыл облысында жүргізілетін тазалық жұмыстарына 10 мыңға жуық адам жұмылады. Олардың басым бөлігі - жастар. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 150 іс-шара жоспарланған. Белсенділер көктемгі тазалық жұмыстарын шағын аудандардан бастайды. Әрі қарай қоғамдық орындар мен тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын тазартпақ. Жастар ресурстық орталығы мен өзге де ұйым мүшелері облыс орталығында бас қосты. Олар биыл эковолонтерлардың қатысуымен өңір бойынша 200 мың көшет егуді де жоспарлап отыр.

Ерғали Әбуғали, «Amanat» партиясы облыстық филиалының «Жастар рухы» ЖҚ төрағасы:

«Жасыл ел» еңбек жасағына биыл 2 мыңға жуық жас тартылады. Сонымен қатар енді ерікті жастар, жастар ұйымдарымен бірлесе, 10 мыңға дейін жастардың санын арттыру жоспарда бар. Тек қана табиғатты, айналаны таза ұстау емес, олардың жаны, тәнінің таза болуына осындай жобалар арқылы үлес қосатынымызға сенеміз.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу