Жол жиегінен 10 тоннадан астам қоқыс жиналды
Осы «Amanat» партиясының Road-эстафетасы аясында Астана – Алматы тас жолының басым бөлігі қоқыстан тазартылды. Шараға Алматы облысының еріктілері де қосылды. «Астана – Алматы» тас жолының Жамбыл облысы аумағындағы 224 шақырым учаскеде «Жастар Рухының» белсенділері мен волонтерлері жол жиегінен 10 тоннадан астам қоқыс жинады. Бүгін еріктілер тобы Алматы облысына жетті. Осылайша, бас-аяғы 1 мың шақырымнан астам жол тазартылды.
Қуат Байғожаев, «Amanat» партиясы алматы облыстық филиалының төрағасы:
Біз эстафетаны Жамбыл облысынан қабылдап алдық. Қазірдің өзінде екі облыстың шекарасында, яғни Қаншеңгел ауылының маңында Жамбыл ауданының 250 тұрғыны акцияға қосылды. Әрі қарай біз тазалық жұмысын Іле ауданының Ақши ауылында жалғастырдық. Онда белсенділер мен волонтерлерден бөлек, жергілікті тұрғындар да тазалық жұмысын жүргізуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
17.02.2026, 20:48
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40