Дизайнер әрі суретші Айжан Дайырова көрермен назарына өз қолымен жасаған костюмдер мен картиналар коллекциясын ұсынды. Шебер қой жүнінен киіз басып, ұлттық нақыш пен заманауи стильді үйлестіре отырып, киім тігеді. Дизайнер жүн мен жібекті әдемі костюмге айналдыру үшін түрлі техника пайдаланатынын айтады. Ол бұл өнерді түрлі шеберлік сабақтарға қатысу арқылы үйренген. Айжан Даирова киізден сәнді киім тігу техникасын жастарға үйретіп жүр.
Айжан Дайырова, дизайнер:
Жүн мен жібекті біріктіре отырып, әдемі әрі ыңғайлы бұйымдар дайындаймын. Мен үшін ең бастысы – тек сәнді заттар жасау емес, сол арқылы жылулық пен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті жеткізу.
Э.Кәленова
