Атырау облысында Мәдениет үйі пайдалануға берілді
Атырау облысы Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында 8 жыл күткен мәдениет үйі пайдалануға берілді. Екі мердігердің жауапсыздығы салдарынан құрылыс ұзаққа созылған еді. Бүгінге дейін өткен ғасырдың 40 жылдары салынған клубта бас қосып жүрген тұрғындар енді су жаңа 200 орындық мәдениет үйінің игілігін көрмек. Мұнда заманауи аудио-видео жүйелерімен жабдықталған сахна, мәдени шараларға қажетті техникалық мүмкіндіктің бәрі бар. Бұл нысан ауылдықтардың шығармашылықпен айналысуына, мәдени-рухани дамуына зор ықпал етпек.
Махуза Нұржанова, Сарытоғай ауылының тұрғыны:
Қуанышымызда шек жоқ. Ауылдастар осы жаңа ғимаратты күттік. Зейнеткерлер келіп, жиналып концерт қоятынымыз бар еді. Ризамыз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17