Трамп Украинаға әскери көмекті уақытша тоқтатуға бұйрық берді
АҚШ-тың Мексика мен Канадаға қарсы енгізген 25% баж салығы бүгін күшіне енеді. Мұны Ақ үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеді. Қазір әлемнің қор нарықтарында негізгі индекстердің құлдырауы байқалды. Американың қор индекстерімен бірге мексикалық песо мен канадалық доллар да құнын жоғалтты. Сонымен бірге Трамп Украинаға әскери көмек беруді уақытша тоқтатуды бұйырды. Америка лидерінің мәлімдеуінше, әскери көмек Украина жетекшілігі бейбітшілікке ұмтылатынын көрсеткенге дейін доғарылады. Бұдан бірнеше күн бұрын Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен Ақ үйде сөзге келіп қалған еді. CNN телеарнасының хабарлауынша, әскери көмек жайын немесе минералдық ресурстар келісімін қайта талқылау үшін Ақ үйге Украина президентінің соңғы жәйттарға өкінетінін айтқаны маңызды.
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
