Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды
Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды. Премьер-министрді Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қабылдады. Әзербайжан президентіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі жеткізілді. Кездесуде Әзербайжаның Премьер-министрі Әли Асадовпен үкіметаралық келіссөздер өтті. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі жақ та өзара тауар айналымын арттыруға мүдделі екендерін жеткізді. Кездесулер соңында екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды.
Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
Баку қаласында келесі үлкен келісімшартқа қол қойылады. Ол – жоғары аттестациялық комиссия мен біздің Ғылым және жоғары білім министрлігінің арасында. Негізгі мақсат – ғылыми басылымдардың біріккен, бірлескен тізімін бекіту. Енді ғылыми экспертизаны да, сараптаманы да бірігіп жасау жоспарымызда бар. Оның үстіне қазіргі таңда Баку қаласына 22 біздің жетекші жоғары оқу орындарымыз келді. Ертең үлкен конференция аясында 17 екіжақты келісімшартқа қол қойылады.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26
Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілді
08.05.2026, 20:15
Балаларға арнайы көмек кабинеттері ашылады
08.05.2026, 20:15
Түркістанда 286 мың гектар аумақты шегіртке жайлаған
08.05.2026, 20:15
Бала қауіпсіздігі – басты міндет
08.05.2026, 20:14
Цифрландыру – ел дамуының көрсеткіші
08.05.2026, 20:12