Қостанай облысында зиратқа су жайылып кетті
Қостанай облысының Қарасу ауданына қарасты Нововселов ауылында зиратқа су жайылды. Жергілікті тұрғындар бұған каналдың бітелген арнасы уақытында тазартылмауы себеп дейді. Ені бес, тереңдігі 14 метр, ұзындығы 14 шақырым болатын бұл канал былтыр жазда қазылған. Мақсат – ондаған электр бағандары мен тас жолды басып қалған тасқын суды Құндызды өзеніне ағызып жіберу еді. Алайда ең терең тұсы екі метрден асатын судың деңгейі төрт айда небәрі жарты метрге ғана төмендеді. Тұрғындардың айтуынша енді арнасы қайта-қайта бітеліп ауылға қауіп төндіріп тұр.
Мирас Жәкіжан, Қарасу ауданы әкімінің орынбасары:
Ауа температурасының төмендеуі салдарынан канал арнасына мұз қатқан. Еріген су зиратқа сол мұздың үстімен жайылды. Қазір жергілікті атқарушы органдар каналдың арнасын тазалап, тереңдету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Судың әрі қарай жайылуы тоқтады. Жағдай бақылауда.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17