Ақтөбе облысында сиырлардан қарасан ауруы шықты
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында ірі қарадан қарасан ауруы шықты. Көптоғай ауылдық округіне қарасты «Мәтжан» шаруа қожалығына карантин енгізілді.
Қауіпті індеттен төрт сиыр өлген. Қазір мамандар екпе және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Елдімекеннен сыртқа мал еті шығарылмайды. Шектеу шаралары екі аптадан кейін ғана алынуы мүмкін. Бұл шаруа қожалығында барлығы 240 сиыр мен 600-дей қой және бір үйір жылқы бағылады.
Бердімұрат Бекжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
Ақтөбе облыстық ветеринариялық зертханасының 20 ақпан күнгі қорытындысы бойынша ірі қарадан қарасан ауруы расталады. Бүгінгі күні сол «Мәтжан» шаруа қожалығына Көптоға ауылдық округі әкімінің шешімінен карантин жарияланды. Эпизотияға қарсы отряд сауықтыру шараларын жүргізуде.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10