Талдықорғанда ата-аналар мен ұстаздар жауапқа тартылды
Талдықорғанда номері бірінші мектеп-гимназиясы оқушыларының әзіл ойыны үшін ата-аналар мен бірқатар мұғалім жауапқа тартылды. Бірнеше оқушы төменгі сынып оқушысын әжетханаға кіргізіп, бейәдеп қылық көрсетіп, оны ұялы телефондарына түсіріп әлеуметтік желіде таратқан. Осылайша ойыннан от шығарған ер балалар есепке алынып, олардың ата-аналарына айыппұл салынды. Екі сынып жетекшісі лауазымдық міндеттерінен босатылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психолог өз еріктерімен қызметтерін тапсырды. Ал білім шаңырағының директорына қатаң сөгіс жарияланды.
Қайрат Қасымов, Жетісу облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
Мектеп әкімшілігі тарапынан бақылау болмаған себебі деп ойлаймыз. Бірақ білім басқармасы, аудандық білім бөлімі тарапынан тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен қажетті семинарлар, нұсқаулық семинарлар жиындар өткізіліп, менторлармен қоса жұмыс атқарудамыз. Болашақта мұндай қайталанбайды деген ойдамыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05