Өңірлік ғылымның әлеуетін арттыру талқыланды
Өңірлік ғылымның әлеуетін арттыру қажет. Сондай-ақ инвестиция тарту үшін тиімді шаралар қабылдап, оны қаржыландыру мәселесі де бір жолға қойылуы тиіс. Бүгін Атырауға жұмыс сапарымен барған Ұлттық Ғылым Академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев Президиумның көшпелі отырысында осылай деді. Статистикаға сүйенсек 8 облыс қана өңірлік ғылымға қаражат бөліп отыр. Бірақ жергілікті жерден ғылымға берілетін қаржы бір процентке де жетпейді. Өңірлік ғылым дамыса, экономикалық өсім көлемін арттыруға да мүмкіндік туады. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасымен әр өңірдегі әкімдік жанынан ғылыми және технология кеңесін құру жоспарланып отыр.
Ақылбек Күрішбаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті:
Бұл кеңес өте маңызды. Бұл әлемдік тәжірибе. Егер де кеңесті құрып, дұрыстап жұмыс істейтін болса, ол үлкен өңірлік ғылымның қозғаушы күші болады. Әкімдер соған назар аударуы керек.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17