Лондонда ЕуроОдақ елдерінің Украинаға арналған саммиті аяқталды
Лондонда ЕуроОдақ елдерінің Украинаға арналған саммиті аяқталды. Делегаттар Украина армиясын қайта қаруландыруға және елге қару-жарақ тасымалын жалғастыруға келісті. Яғни, Ұлыбритания Киевке қосымша 1,6 млрд доллар, әуе қорғанысына қажет 5000 зымыран бермек.
Бұған қоса, Ұлыбритания мен Франция Украинадағы соғысты тоқтату жоспарын дайындап, оны АҚШ президенті Дональд Трампқа ұсынбақ. Бейбіт келісім жасалса, Еуропаның әскери контингеті Украинаға жіберіледі. Ал бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Киевке жүздеген млрд еуро көмек бөлетінін жариялаған еді. Бұл мәселелер Еуроодақтың наурыздың 6-да өтетін кезектен тыс саммитінде талқыланбақ.
Дональд Туск, Польша премьер-министрі:
Еуропа қорғанысқа көбірек жауапкершілік алып, қорғаныс индустриясын құру, Украинаға көмек көлемін арттыруы және НАТО аясында қорғанысқа шығындарды көбейтуі қажет екеніне барлығының көзі жетті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07