Сенат жанындағы талдау мектебінде оқудың төртінші кезеңі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат жанындағы талдау мектебінде оқудың төртінші кезеңі аяқталды

01.03.2025

Бүгін Астанада Сенат жанындағы Талдау мектебінің төртінші кезеңі аясында қорытынды дәріс өтті.

Оқу курсын қорытындылау үшін іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты. Сегіз аптаға жалғасқан жоба барысында қатысушылар талдаудың жаңа қырларын меңгерді, сарапшылармен бірге жұмыс істеді және топ болып баяндамалар әзірледі. Палата Спикері төртінші кезең түлектеріне ілтипат білдіріп, жоба елдің талдамалық әлеуетін дамыту жолында айрықша маңызға ие екенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бірнеше аптаға жалғасқан оқу кезінде сіздер жеті негізгі бағыт бойынша топтық баяндамалар даярладыңыздар. Олардың бәрі Қазақстанның стратегиялық мүдделерін көздейді және Президентіміздің айқындап берген бағдарының күн тәртібімен үндес. Сіздердің жұмыстарыңызды талдай отырып, біз тек түпкілікті нәтижені ғана емес, сонымен бірге дайындық процесін, яғни деректерді жинау мен талдаудан бастап, тұжырымдар мен ұсыныстарды дәлелдеуге дейінгі еңбектеріңізді бағаладық.

Биыл Мектептің төртінші кезеңіне қатысуға өтініш бергендердің қатары көп болды. Бір орынға 12 адамнан келді. Бұл – жоба тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Руслан Нұрлыбаев, Сенат жанындағы талдау мектебінің қатысушысы:

Экономиканың әлсіреген тұстарында экономиканы дамытатын тұстарында осы талдау жұмыстары міндетті түрде қажетті. Іске асып жатса мемлекеттік тұрғыдағы заңнамаларға, тұжырымдамаларға арнайы Сенатта, министрліктерде, Мәжілісте бұл біздің дайындаған жұмысты қолданады деген ойдамыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу