Атырауда Ассамблея мүшесі бөгет соғуға атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Ассамблея мүшесі бөгет соғуға атсалысты

01.03.2025

Бірлік - кез келген қиындықтан алып шығар ұлы күш. Атыраулық шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурид Тикаев былтырғы тасқын кезінде өзінің тракторы мен жүк көлігін еркітілерге беріп, бөгет тұрғызуға жәрдемдесті. Сын сәтте жерлестеріне қол ұшын созған азамат жайлы келесі материалда.

Тасқын кезінде 100-ден аса Ассамблея мүшесі бір ай бойы еріктілермен бірге жағада жұмыс істеп, қапшық тасып, бөгет соғуға атсалысты. «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурид Тикаев өз техникаларын жаға бекітуге жұмылдырған. Ол 24 жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударып, азаматтық алған. Сондықтан елін, жерін қатерден қорғау – азаматтық борышы, деп біледі.

Нурид Тикаев «Вайнах» шешен этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

Біз біргеміз деген девиз болды. Су тасқыны болмау үшін қолдан келгенше бәрін жасадық. Елге болсын деп жасадық. Ел үшін, жер үшін бірге жұмыс істедік.

Бислан Сукищев «Вайнах» шешен этно-мәдени бірлестігінің мүшесі:

Бөгеттерді дер кезінде соғып үлгердік. Біз Қазақстанның азаматы болғаннан кейін әрқайсымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, кез-келген жағдайға төтеп беруіміз керек. Барлық жағынан көмектесуге дайынбыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу