Ассамблея мүшелері жас аналарды құттықтады
«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Алғыс айту күніне орай арнайы телемарафон өткізіп жатыр. Кейбір ақтөбелік жас отбасылар үшін бұл мерекенің мәні еселене түсті. Өйткені сәбилі болып жатқандар бар. Ассамблея мүшелері перзентханаға барып, жас аналарды құттықтады. Олардың арасында үшем туған ана да бар.
Ассамблея мүшелері аналарға тілегін айтып, сый-сияпат көрсетті. Одан бөлек, сәбилер ұлтжанды, өнерлі болсын деген ниетпен домбыра табыстады. Босанған жас аналар тосын сый үшін Ассамблея мүшелеріне алғыс білдірді. Ал үшем босанған Әселхан Мұқышева бір сәтте көпбалалы ана атанғанына ерекше қуанышты.
Әселхан Мұқышева, үшемнің анасы:
Бес балам бар, үш ұл, екі қыз. Және үшем дегенде таң қалдық. Әрине күттік. Бүгінгідей құттықтау күткен жоқпын шынымды айтсам. Қазақстан халқы Ассамблеясына көп рахмет!
Роза Серғалина, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы:
Жас аналармен кездесіп, кішкентай сәбилерді Алғыс айту күнімен құттықтауға келіп отырмыз. Жас аналарымызға ақ тілегімізді жаудырып, сыйлығымызды беріп бір қуантып тастағандай болдық. Шын мәнінде биыл Асссамблеяның құрылғанына 30 жыл, Алғыс айту күні бәрі де сәйкес келді. Осы күннің шуағы әр шаңыраққа жақсылық әкелсін!
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұрғындар ауылдың айналасын жасыл желекпен көмкерді
21.04.2026, 20:55
Қазақ елі Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
21.04.2026, 20:53
Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесті
21.04.2026, 20:39
Күніне орта есеппен 113 адамды ит қабады
21.04.2026, 20:19
Субсидияға қолы жетпеген 600 омарташының 200-і кәсібін тастап кеткен
21.04.2026, 20:10
Экологиялық саммит ғылым мен бизнесті біріктіреді
21.04.2026, 20:05
Исламабадта АҚШ - Иран келіссөздеріне дайындық жүріп жатыр
21.04.2026, 20:05
Келесі жылы ҰБТ-ға балама енгізіледі
21.04.2026, 20:05