Профессор Сейітхан Жошыбаев 3 мыңнан астам адамға қайта өмір сыйлаған
Игі істі күнде атқарып, адамзат үшін еңбегі өлшеусіз азаматтар ортамызда көп. Солардың бірі - тараздық медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор Сейітхан Жошыбаев. Ол еңбек жолында 3 мыңнан астам адамға қайта өмір сыйлаған. Бар ғұмырын медицина саласына арнаған ақ халатты абзал жан 2004 жылы Қырғызстанда тұңғыш ғылыми жүрек хирургиялық трансплантология институтын, 2008 жылы Тараз қаласында ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығын ашты. Профессор осы уақытқа дейін 12 ғылым кандидатын, 4 ғылым докторын, 4 PHD докторын тәрбиелеген. Ұлттық арна мерекеге орай 86 жастағы кардиохирургке алғыс білдірді.
Сейітхан Жошыбаев, медицина ғылымдарының докторы, профессор:
Былтыр жүрекке жасалған 4-5 отаға кірдім. Жүрек адамға ең керекті, жанды жері десек те болады. Өмірдің барлығы жүрекпен байланысты ғой. Сондықтан, ота жасалған кісілер бізді ұмытпайды. Оның үстіне қиын, ауыр операциялар болса бізде ұмытпаймыз есімізде қалады.
Асылбек Данияр, тілші
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ – 2026: Бразилия 1/8 финалға өтті
30.06.2026, 13:18
Алматыда 500-дей автобус экологиялық талапқа сай емес
30.06.2026, 13:15
Қазақстан – Саратов: Тауар айналымы $266 млн асқан
30.06.2026, 13:12
«Ауыл аманаты»: Жамбыл облысына ₸7 млрд бөлінді
30.06.2026, 13:09
Түркістанда қыз алып қашқандар ұсталды
30.06.2026, 13:06
Полиция департаменті: Жалған QR көбейді
30.06.2026, 13:03
Президент: Мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз
30.06.2026, 13:00
Бельгияда қазақ мәдениетін терең танығысы келетін шетелдіктер көп
30.06.2026, 10:07