Моңғолияның Баян-Өлгей өлкесінен 45 қандасымыз келді
Моңғолияның Баян-Өлгей өлкесінен атамекенге 45 қандасымыз келді. Оларды қандастарды қолдау орталығы күтіп алды. Қазақстан азаматтығын алғанға дейін Ақмола облысының Жібек жолы ауылында жалдамалы пәтерде тұрады. Уақытша баспана шығынын мемлекет көтереді.
Жексенбай Қайып, қандас:
Атамекенге деген махаббатпен ат басын тіреп жатырмыз. 4 отбасы келдік. Өзімнің інім бар. Сол екі отауым Жібек жолына келіп жатыр. Бір жағы бала-шағам отанында өссін деп, екінші жағынан елдің демографиясын көтерейік деген ниетпен келдік.
Назерке Ерболатқызы, қандас:
Біз мұны 1 жыл жоспарладық, алайда Қазақстанға жолымыз ашылмады. Содан кейін «Тұран қандастарды қолдау орталығына» хабарластық, содан жолымыз ашылды. Елге 2 баламен келіп жатырмыз. Балаларымыз 2-3 жаста. Екеуі де ұл.
«Тұран қандастарды қолдау орталығы» арқылы 1 жылда 127 қандас Қазақстанға көшіп келді. Моңғолияның Баян-Өлгей жерінен тағы 12 отбасы жақын арада еліне оралады. Көшіп келген әр отбасыға және оның әр мүшесіне бірреттік көмек беріледі. Одан бөлек сатып алатын пәтердің жарты құнын мемлекет төлейді.
Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазіргі жасалған жеңілдіктер бойынша, 1 отбасыға 250 мыңдай алғашқы көмек беріледі. Ал әр отбасының мүшесіне 275 мың теңгеден беріледі. Мысалы, 1 отбасыда 5-6 адам болса, көмек 1,5 млн-нан асады. Сонымен қатар баспана алу үшін 50 пайызды, яғни 4,5 млн теңге мемлекет көтереді. Коммуналдық ақыны 1 жыл бойы мемлекет төлейді.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19