Әскери оқу орындарына түсу үшін e-Gov арқылы онлайн өтініш беруге болады
Енді әскери оқу орындарына түсу үшін e-Gov арқылы онлайн өтініш беруге болады. Алдын ала медициналық тексеруден өтудің де қажеті жоқ. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. Тегін білім алуға ниетті үміткерге биылдан бастап талап қатаң. Көпсатылы іріктеу күтіп тұр. Тек жоғары академиялық білімі ғана емес, физикалық және психологиялық дайындығы да мықты болу керек. Алдымен 10 маусымға дейін жергілікті әскери басқару органына өтініш беру қажет. Қатысу үшін ҰБТ-дан кемі 50 балл жинау керек. Денсаулығы да жақсы болу шарт. Оқуға қабылданған курсанттар үшін қажетті жағдай жасалады деді сала мамандары.
Мұрат Олжабаев, Қорғаныс минситрлігі әскери білім және ғылым Департаментінің бастығы:
Оқуға түскеннен кейін келісімшартқа қол қояды. Сол оқыған 4 жылына және тағы 10 жыл қызмет атқарамын деп. Жалақы жөніне келетін болсақ, алғашқы лейтенант шенін алған офицерлер ҚР Қарулы күштеріне қызмет атқаруға келген кезде 250-300 мың төңірегінде жалақы алады. Оған қосымша тағы әлеуметтік төлемдер бар және тұрғын үй үшін ақша бөлінеді.
Асылбек Данияр
Автор
                            Асылбек Данияр
                                            Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы 
                                Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында хайуанаттар бағының аумағы тазартылды
                                    31.10.2025, 20:52
                                 
                                Өңірде әлемдік деңгейдегі озық операциялар жасалады
                                    31.10.2025, 20:47
                                Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздіктері марапатталды
                                    31.10.2025, 20:45
                                Екібастұзда «Ертіс-Баян» театры ашылды
                                    31.10.2025, 20:40
                                Семейде «Халық заңгері» акциясы өтті
                                    31.10.2025, 20:30
                                Әлеуметтік тауарды қымбатқа сатқан кәсіпкерлер жазаланды
                                    31.10.2025, 20:28
                                 KGIR-2025: 49 келісімге қол қойылды
                                    31.10.2025, 20:25
                                Атырауда 100-ден астам тұрғын тегін заңгерлік кеңес алды
                                    31.10.2025, 20:24
                                 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    