Еуропада Tesla-ға сұраныс азайды
Еуропада Tesla-ға сұраныс азайды. Соңғы айда америкалық көліктің саудасы екі есе азайған. Бұған Тесланың атқарушы директоры Илон Масктың Еуропа елдерінің ішкі саясатына араласуы және Президент Трамп әкімшілігіндегі жаңа қызметі себеп болды, осылайша ол тұтынушыларын жоғалтты, дейді сарапшылар. Еуропа автоөндірушілер қауымдастығының мәліметінше, Техастық автоконцерн қаңтарда қарт құрлықта бар жоғы 10 мың көлік сатқан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 45 пайызға аз. Францияда Tesla-ның саудасы тіпті 63 пайызға төмендеді. Ұлыбританияда да Теслаға қарағанда оның қытайлық бәсекелесі BYD-дің электромобильдеріне сұраныс артқан.
Жерар Буйон, Брюссель қаласының тұрғыны:
Tesla көліктің төресі болудан қалды. Масктың Еуропаға қитұрқы саясатынан кейін неге біз оның қалтасын қомпайтуымыз керек? Енді тек өзімізде шыққан көліктерді сатып аламыз.
Пьер Ван Дерван, автосарапшы:
Tesla Еуропа нарығында құнсызданып кетті. Сатылымы Германияда 59 пайызға, Испанияда 75 пайызға төмендеді. Акциясы бір айда 23 пайызға түсті. Енді Қытай, Еуропа көліктерімен бәсекеге төтеп беруі екіталай.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17