Басты Жаңалықтар Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат басталды

Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша чемпионат басталды

500-ге жуық өрт сөндіруші өзара сынға түсті. Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат басталды.

Жарысқа еліміздің 20 қаласынан 30-дан астам команда қатысып жатыр. Олардың құрамына ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер кіреді. Тілсіз жаумен алысып, адамдар тағдырына араша түсетін мамандық иелері екі күн бойы 4 қабатты ғимаратқа сатымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту сынды бірнеше сайыс түрі бойынша жарысады. 25 жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған доданың мақсаты – өрт сөндірушілерді қазан айында Сауд Арабияның Эр-Рияд қаласында өтетін Әлем чемпионатына іріктеу. Сондай-ақ тосыннан келер түрлі апатқа дайындау.

Дәурен Данаев, ТЖМ Республикалық өрт сөндіру-құтқару спорт федерациясының атқарушы директоры:

Біздің жұмысымыз - әмбебап. Суы бар, бораны бар, тасқыны бар. Төтенше жағдайларды күнде көріп жатасыздар ғой. Қызметкерлердің физикалық деңгейі өте мықты, дайындығы жоғары болуы керек. Өртпен, сумен, қиындықпен күресу оңай емес. 

Нұрсұлтан Тілектес

Бөлісу