Астанадағы Сарыарқа сауда орталығында өрт шықты
Астанадағы Сарыарқа сауда-ойын сауық орталығынан өрт шықты. Қазір оқиға орнында өрт сөндріушілер жұмыс істеп жатыр.
Өрт сауда орталығының артқы жағында орналасқан қосалқы нысаннан шыққан. Қызыл жалын 50 шаршы метрден астам аумақтығы шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың іші мен маңынан 300-ге жуық адам эвакуацияланды. Қазір аумақ қоршалып, төтенше жағдай қызметінің мамандары сауда орталығының қаспетін бұзып жатыр. Өйткені тілсіз жаудың қай жерге дейін таралғаны және шығу себебі белгісіз.
Бақытжан Мәуленбердиев, қалалық ТЖД бастығының І орынбасары:
Сағат 10:58-де Нұра ауданы, Тұран көшесіндегі сауда орталығында өрт шығып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Қазір жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 5 техника мен 25 жеке құрам өрт сөндірумен айналысып жатыр.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13