Маңғыстау облысында кәсіпкердің өнімі заңсыз тәркіленген
Маңғыстаулық кәсіпкерден 600 келіге жуық балық заңсыз тәркіленген. Мұнайлы ауданында балық өңдеумен айналысатын Айжан Нұғманованың айтуынша, ол полицейлерден зардап шеккен. 10 ақпан күні түнде өндіріс орнына ішкі істер бөлімінің 16 қызметкері келіп, «жедел профилактикалық іс шарасын өткізіп жатырмыз деп, 584 келі балығын тәркілеген. Кәсіпкер мән-жәй анықталғанша, тұзда тұрған скумбрия мен бекіре тұқымдас балықтарды қозғамауды сұраған. Бірақ, полицейлер құлақ аспапты. Бағалы балықты сақтап, сату дерегімен қылмыстық іс қозғаған.
Айжан Нұғманова, жеке кәсіпкер:
Жігіттер, не болды? деп сұрағанымда, жедел алдын алу шарасын өткізіп жатырмыз, бізге жедел ақпарат түсті, осыны қарасын деп айтты деді. Сосын мен айттым санкцияңыз қайда? Қандай құжаттарыңыз бар? деп сұрағанда өздерінің құжатын көрсетті. Мені цехтен итеріп, шығарып жіберді. Талабым менің осы балықтарым енді өңдеуге келмейді. Соның ақшасын шығарып берсін.
Заң бұзбағанына сенімді кәсіпкер Бас прокуратураға шағымданған. Нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты, іс тоқтатылды. Енді полиция қызметкерлерінің әрекетіне тиісті процесуалдық баға берілмек.
Әмірғали Жанаев, Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:
Кәсіпкер бірнеше күн жұмысын тоқтатты. Осы кезде оның алатын табыс көзінен айрылып қалды. Оның үстіне балықтарын алып кетті. Жіберілген табысын оны өндіріп алу туралы кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерді талап арыз дайындап, сотқа жүгінуге көмектесіп, нақты шешім қабылдауына, бәріне көмектеседі деп сенім білдіреміз.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
