Қостанай облысында мал ұрлағандар ұсталды
Қостанай облысында ұйымдасып мал ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Жарты жыл бойы барымташылар Арқалық қаласына қарасты ауылдарға қырғидай тиіп, төрт түлікпен жан бағып отырған жұртты қан қақсатқан. Осы уақыт ішінде олар 14 сиыр мен 30 жылқыны ұрлап кетіпті. Барлық шығын көлемі 25 млн теңге деп есептеліп отыр. 5 адамнан тұратын қылмыстық топтың ең жасы 29-да, ең үлкені 59-да. Ұрылар сатып үлгермеген 15 жылқы иелеріне қайтарылды. Қалған шығын ақшалай өтеледі.
Ержан Бейісов, Облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:
Аса ірі мөлшерде мал ұрлауға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Күдіктілер қамауға алынды. Осы қылмысы үшін олар мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17