Еуропада мектеп оқушылары арасындағы тәртіпсіздік үшін жаза қатаң
Еуропа елдерінде жеткіншектер арасында тәртіпсіздік жасап, қоқан-лоққы көрсеткендерге жаза қатаң. Мәселен, Францияда 10 жастан асқан баланың өзін 3 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, ата-анасына 45-150 мың еуро аралығында айыппұл салады. Яғни, баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін. Осылайша темірдей тәртіптің арқасында оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық үш есеге төмендеген. Буллингтің алдын алу үшін қарт құрлықтың бірнеше мемлекеті мектепте ұялы телефон қолдануға тыйым салды. Мұнан бөлек Еуропаның білім ордаларында бір емес, бірнеше психолог жұмыс істейді. Олар әр баланың ішкі жан-дүниесіне үңіліп, басқан қадамын бақылап отырады.
Анне Ле Риш, мектеп директоры:
Біз бастауыш сынып, жоғары сынып - барлық оқушымен тәрбие жұмысын жүргізіп, бір-бірін кекетіп, мұқатуға, күш көрсетуге болмайтынын айтып отырамыз. Тәртіп сақшылары мектепке жиі келіп, бұзақылық жасағанның жазасы ауыр екенін түсіндіреді. Мұның бәрі өз жемісін беруде.
Матиас Бертран, психолог:
Сәбиім қатігез болмасын десе, әке-шешесі алдымен өзін тәрбиелеуі тиіс. БАҚ, әлеуметтік желідегі негативті ақпарат, компьютерлік ойындар да баланың сана-сезімін улап, қатігездікке итермелеуде. Осының бәріне билік тарапынан тыйым болса, бақылау күшейтілсе деймін.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17