Қызылордалық «Қайсар» ФК легионерлерсіз ойнайды
Қызылорданың «Қайсар» футбол клубы алдағы ел чемпионатында тек қазақстандық аяқдопшылармен өнер көрсетеді. Сырбойылық команда Премьер-лигада легионерлерден бас тартқан жалғыз клуб атанып отыр. Жанкүйерлерге жаңа маусым алдында ойыншыларды таныстыру рәсімі өтіп жатыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сыр өңірі қазақ футболына тыңнан түрен салып, қазақстандық футболшыларға сенім артып отыр. Қуантатыны - көбі жергілікті жас аяқдопшы. Биыл «Қайсарға» жүлдеге талас жүргізу қиынға соғатыны белгілі. Бірақ абырой мен ар-намыс таразыға түсетін додада қаракөздеріміз жасыл алаңда аянып қалмас. Қызылордалық жанкүйерлер бүгін сүйікті командасын қолдауға келіп, жаңа ойыншылармен танысып жатыр. Жалпы «қасқырлар» Түркия жерінде 45 күн оқу-жаттығу жиынын өткізіп, чемпионатқа тыңғылықты дайындықпен келді.
Думан Нәрзілдаев, «Қайсар» ФК капитаны:
Жігіттер маусымдағы әр ойынға тыңғылықты дайындалады. Жақсы дайындықпен келдік. Биыл үздік нәтиже көрсетеміз.Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ «Қайсарда» мәселе де жоқ емес. Команданың осы кезге дейін 600 миллион теңгеден астам қордаланған қарызы бар. Биыл клуб басшылығы берешекті едәуір азайтуға уәде етіп отыр. Ал футбол фанаттары жергілікті аяқдопшыларды қандай жағдай болмасын қолдаусыз қалдырмайтыны анық. Тағы бір жағымды жаңалық - биыл облыста алғаш рет қыздардың кәсіби футбол клубы құрылып, ел біріншілігіне қатысады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44