Қарағанды облысының оқушылары халықаралық жарыстан жүлдемен оралды
Қарағанды облысының оқушылары халықаралық робототехника жарысынан қос бірдей жүлдемен оралды.
Алматы қаласында өткен байқауда оннан аса мемлекеттен жиналған 3 000 қатысушы шеберліктерін көрсетті. «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицейінің 4 бірдей командасы сайысқа түсіп, 2 бірдей жүлдеге қол жеткізген. Үздіктер енді АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласында өтетін әлемдік кезеңде бақ сынайды. Ал команда капитаны Акбар Ермеков АҚШ жоғары оқу орнына берілетін оқу грантына дүниежүзінен іріктелген 20 үміткердің қатарына ілікті.
Нұрғазы Өтебаев, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры:
Жалпы бұл жарыстың тарихында бір мектептен 2 команда жолдама алып көрмеген екен. Сол үшін қатты қуаныштымыз. Акбар деген оқушымыз жақында Хьюстон қаласында үлкен сұқбаттан өтіп, 100 пайыздық грант иеленуі мүмкін. Үміттеніп отырмыз.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21
Маңғыстау теміржол вокзалы пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:15
The New York Times: АҚШ пен Израиль Иранға соққы беруге дайындалып жатыр
23.10.2026, 20:12