Интернет алаяқтарға көмектескендерге қатысты 71 қылмыстық іс қозғалған
Өкілеттігін теріс пайдаланып, интернет алаяқтарға көмектескен микроқаржы ұйымдары мен байланыс операторларына қатысты 71 қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган күдікке ілінген бірнеше адамды ұстаған.
Бас прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бұл өткен жылдың желтоқсанынан қазірге дейін тіркелген істер. Зардап шеккендердің арасында шетел азаматтары да бар. Мәселен Батыс Қазақстан облысында елімізге ешқашан келмеген Украина азаматына шот ашқан екінші деңгейлі банктің 2 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Микроқаржы ұйымдарының былығы мұнымен бітпейді. Менеджерлер қайтыс болған адамның атына да несие рәсімдеуге жол берген. Сондай-ақ, Билайн, Теле-2 ұялы байланыс операторларының қызметкерлері мен олардың дистрибьютерлеріне қатысты 2 бап бойынша 4 іс қозғалған. Олар алаяқтарға мыңдаған SIM картаны тіркеуге көмектескен. Өкілетті орган мұндай қылмыстардың басқарушысы көбіне өзге елдерде отыратынын айтты. Сондықтан шетелдік әріптестермен кешенді іс-шара қабылдауды қолға алған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Электр қуаты толық қалпына келтірілді
08.09.2026, 20:00
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22