Қазгидромет: 4 өңірде күн суытады
Жамбыл, Түркістан, Алматы және Жетісу облыстары. Дәл осы төрт өңірде ауа температурасы күрт төмендейді. Қазгидромет мамандарының болжамы осындай. Осы аптада қолайсыз ауа райы болып, еліміздің басым бөлігінде циклон жүруі мүмкін.
Аружан Мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
Синоптикалық болжамға сәйкес 2025 жылғы 24 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстанның ауа райы кезеңінің бірінші жартысында оңтүстік циклон, кезеңнің екінші жартысында солтүстік батыс циклон жүруі мүмкін. Аумақтың басым бөлігінде қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түсуі ықтимал. ҚР бойынша жел соғып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Ауа райы құбылмалы болғанмен, тасқынға қатысты статистика өзгерген жоқ. 1223 елдімекенді су басу қаупі әлі сақталып отыр. Алдын алу мақсатында 74 өзенді тереңдету, жағалауларды нығайту, арналарды тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Су тасқынын болжауға мүмкіндік беретін «Tasqyn» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе арқылы мамандар су қоймаларының деңгейін, су жіберу көлемін, гидрометео болжам сынды мәліметтерді де бақылай алады.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22