Жетісу облысында «коучке» алданғандардың құқы қорғалды
Жетісу облысында мемлекеттік сатып алу бойынша дәріс алған тұрғындардың құқығы қорғалып, шығындары қайтарылуда. Тендерге қатысып қыруар қаржы табамын деп алданған азаматтар облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымданды. Тексеру барысында 18 адам дәріс беруші «коучке» 6,5 млн теңгеден астам қаржы аударған. Жетісу облысынан бөлек оқыту курстарына Алматы, Қостанай облыстары мен Астана қаласының тұрғындары да қатысқаны анықталды. Департамент өкілдері тұтынушыларға сапасыз қызмет көрсетілгенін дәлелдеп, Талдықорған қалалық сотына азаматтық іс қозғау бойынша арыз түсірді. Сот зардап шеккен азаматтардың шығынын толық өтеу бойынша үкім шығарып, дәріс берушіге қаржыны қайтаруды міндеттеді.
Жұлдыз Ыдырысова, қала тұрғыны:
Зардап шеккен адамдар саны 15 шақты болдық. Одан да көп болуы мүмкін әлі де. Алда айтарымыз, осындай оқуларға жалпы осылай білім аламын, үйренемін деген кісілерге кішкене абай болуын сұраймын. Біз сияқты алданып қалмасын деймін.
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
