Елімізде төрт өңірде жол жабылды
Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. «Қазгидромет» өкілдерінің болжауынша, осы аптада републиканың оңтүстік пен оңтүстік шығыс аумағында жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.
Жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ күтіледі. Батыс пен орталықта да қар жаууы мүмкін. Ал солтүстік пен шығыста тұман түсіп, көктайғақ болады. Бұдан бөлек, күннің жылынуына байланысты Жамбыл мен Алматы облысында гидрологиялық дауылды ескерту жарияланды. Бұл аймақтың таулы жерлерінде, өзендерде су деңгейінің көтерілгені байқалған. Сондықтан, мамандар су басу қаупі сақталады деді.
Ал «ҚазАвтожол» өкілдері ауа райының нашарлауына байланысты 4 өңірде жол жабылғанын хабарлады. Көлік қозғалысына мына өңірлерде шектеу қойылды. Бұл Ақмола, Жетісу, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облысы.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Электр қуаты толық қалпына келтірілді
08.09.2026, 20:00
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22