Қостанай облысында өзен суы арнасынан асты
Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұсында Ұлы Жыланшық өзенінің суы арнасынан асып жайылды. Бұл жайт жергілікті жұртты алаңдатып отыр. Былтыр дәл осы елдімекен тасқын судың қоршауында қалып, бір ай қатынассыз, үш ай жарықсыз отырған еді. Алайда төтенше жағдай мамандары әзірге алаңдауға негіз жоқ дейді. Облыс аумағында өзендердің деңгейі көтерілмеген. Тасқын қаупіне қарсы алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су басуы мүмкін 101 елдімекен қырағы қадағалауда. Қазір ауылдағы жағдайды да мамандар бақылауға алған.
Елтай Батырбеков, Ахмет Байтұрсынұлы ауылының тұрғыны:
19 ақпаннан су келе бастады. Әзірге өзен арнасынан көп аса қойған жоқ. Дегенмен былтырғы тасқыннан жұрт үрейленіп қалған. Өткен жылғы су арналардың бәрін толтырып тастаған, мұз боп қатып жатыр. Сондықтан тасқын болса қауіп бар.
Айдос Ахметов, ТЖД басқарма бастығы:
Бұл ауа райының күрт өзгеруіне байланысты. Алдымен жылынды, сосын суытты. Салқындағасын мұз қалыңдап, салмағы үлкейгесін су өзеннің жағасына шықты. Жалпы ол ауылға қауіп-қатер төніп тұрған жоқ.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17