Ақтөбеде тасқыннан зардап шекккен шаруалар әлі күнге дейін өтемақы алмаған
Ақтөбе облысында былтыр көктемде су тасқынынан зардап шеккен шаруалар әлі күнге дейін өтемақысын ала алмай жүр. Тек Ойыл ауданының өзінде осындай 53 қожалық бар. Амалы таусылған тұрғындар мәселелерін тез арада шешіп беруді сұрап, бейнеүндеу жолдады.
Бұл шаруа қожалықтары былтыр, наурыз айының соңында тасқыннан зардап шекті. Айтуынша айналдырған екі сағаттың ішінде үйлері мен қораларын су ағызып әкеткен. Жыл соңында өңірлік комиссия әр шаруа қожалығына төленуі тиіс қаржы көлемін белгілеп берген. Бірақ әлі күнге ол ақша төленбеген. Соның салдарынан көбі қора сала алмаған. Ал облыс әкімдігінің өкілдері қаржының кешеуілдеуіне құжат рәсімдеу жұмыстары кедергі болды деп отыр. Яғни өтемақы алдымен кәсіпкерлік нысандарына берілуі тиіс болған. Ал ауыл шаруашылығы құрылымдары тізімге кейін іліккен.
Думан Дәулетияров, облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:
Өтінім қабылдау жұмыстары 20 желтоқсанға дейін жүргізілді. Қаңтар айында құжаттарды министрлікке өткіздік. Қазір республикалық бюджеттен қаржы бөлінуін күтіп отырмыз. Кәсіпкерлердің арызы 2024 жылдың қыркүйек айына дейін қабылданған еді.
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
