Перизат Қайратқа қатысты сотқа дейінгі жаңа тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат ісіне қатысты тағы бір жаңа деректі жариялады. Ол 2021 жылдың қараша айында Ақмола облысындағы «Батыр» қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін қайырымдылық аукционын ұйымдастырған. Жұрттың сенімін арттыру үшін орталыққа мүгедек балалар мен олардың ата-аналарын шақырған. Нәтижесінде жиналған 22 млн теңгені құрылыс жұмысына емес, өз қажетіне жұмсаған. Сотқа дейінгі жаңа тергеу басталды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Тергеу материалдарына сәйкес күдікті 48 млн теңге жиналғанын және оңалту орталығы үшін 100 млн теңге тұратын нысан сыйға берілгенін жария еткен. Сондай-ақ Перизат Қайрат орталық қажеттілігі үшін 30 млн теңгеге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген, алайда тергеу барысында бұл жер телімін «Батыр» қоғамдық бірлестігі 2019 жылы сатып алғаны анықталды. Нәтижесінде оңалту орталығының құрылысы басталмаған, ал сыйға берілді деп көрсетілген нысан шын мәнінде жоқ болып шықты.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ниагара сарқырамасы көк тудың түсіне боялды
26.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнімен құттықтаған шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілеріне алғысын білдірді
26.10.2026, 20:00
Қазақстанның экономикалық жетістігі – Орта Азиядағы көшбасшылығының айғағы
26.10.2026, 19:53
Соңғы 7 жылдағы елеулі өзгерістер
26.10.2026, 19:51
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00