Мемлекет бюджетіне 135 млрд теңге қайтарылды
Жоғары аудиторлық палата мемлекет бюджетіне 135 млрд теңгені қайтарды. Президенттің қабылдауында болған Палата төрағасы осылай деп есеп берді. Әлихан Смайыловтың сөзінше, былтыр барлығы 27 аудиторлық іс-шара өткізіліп, 214 нысан тексерілген. Нәтижесінде жалпы сомасы 862 млрд теңгенің түрлі нормасы бұзылғаны анықталған. Президент бюджет қаржысының игерілуін тиімді бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізудің маңызына назар аударды.
Әлихан Смайылов, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы:
Биылғы жылы 40-қа жуық аудиторлық іс-шараны өткіземіз. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Қостанай облысы және Алматы мен Астана қалаларының жергілікті бюджетінің шығыстарына аудит жүргізу бар. Сонымен бірге «Самұрық-Қазына» қорында, Төтенше жағдайлар министрлігінде, «KEGOC» компаниясында, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясында аудит жүргізілетін болады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16