Қостанайлық оқушы тасқыннан сақтайтын инновациялық көпір ойлап тапты
Қостанайлық оқушы тасқынға төзімді «Ақылды көпір» инновациялық жобасын жасады. Бұл жоба жүздеген адам қатысқан республикалық өнертапқыштар байқауында бірінші орынды жеңіп алды. Ауыл мектебінің 10-сынып оқушысы ашқан жаңалық су күрт көтерілгенде көпірді қираудан сақтайды. Ол үшін арнайы бағдарламамен жұмыс істейтін өлшеуіш құралдар су деңгейі артқанда көпірді автоматты түрде жоғары көтереді. Ауыл баласына бұл идея былтырғы су тасқыны кезінде келген. Инновациялық көпірдің жобасын дайындауға екі ай уақыт кетіпті. Жас өнертапқыш оны әрі қарай жетілдіре түсуді көздейді.
Виктор Рыжиков, оқушы:
Маған техникаға қатысты нәрсенің бәрі ұнайды. Келешекте осы саланың маманы болғым келеді. Өзім дайындаған осы жобаны әрі қарай жетілдіріп, оны іс жүзінде кәдеге жаратуға болатынын дәлелдеуге тырысамын.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17