Маңғыстау облысында қар жауып, барлық жол қозғалысы тоқтады
Маңғыстауда күн райына байланысты барлық жол қозғалысы тоқтады. Облыс орталығы Ақтау қаласынан көліктердің шығуына тыйым салынған. Сондай-ақ басқа өңірлермен және шет елмен шектесетін Бейнеу, Жаңаөзен қаласынан орталыққа қатынайтын жолдар жабылды. Аягөз Оралбайқызы аймақтағы ахуалды жеткізуге әзір.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Қайырлы күн, Дархан, облыс аумағында кей жерлерде толассыз қар жауып, жел күшейіп, көктайғақ болатынын «Қазгидромет» мамандары алдын ала болжап, хабарлаған еді. Сол айтқандай қар түнде жауа бастады. Өңірге шамамен 4 -7 мм қар түскен. Осыған орай тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, Атырау – Маңғыстау бағытындағы жол жабылды. Яғни Бейнеуден Ақтауға қатынас тоқтатылды. «Жетібай – Жаңаөзен – Өзбекстан» шекарасы бағытындағы жол да жабық. Ақтаудан Құрыққа бару да мүмкін емес. Ал жолдардың қашан ашылатыны әзірге белгісіз.
- Аягөз, Ақтау қаласында жол қозғалысы қалай болып жатыр?
- Ақтауда жолдың қарын күреп, түнімен құм-тұз себілді. Коммуналдық мекеменің қызметкерлері жолдың жоғары өрлейтін, қауіпті деген жерлеріне 130 тонна құм-тұз аралас қоспасын сеуіп шыққан. Қазір көлік қозғалысы қалыпты. Айта кетейін, синоптиктер алдағы бір апта көлемінде осындай ауа-райы сақталатынын айтуда. Бүгін түстен кейін жел күшеймек.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15