Жетісу облысында «Бекзат өнер-2025» құсбегілердің ашық турнирі өтті
Құсбегілер бүркітті аңға салу, қолға шақыру, шырға тарту, жылдамдыққа ұшыру, ителгіні далбай тептіру, қаршығаны қолға шақыру, тазы жарыстыру сынды додаларда бақ сынады. Сайыстың басты мақсаты алдағы уақытта өтетін түрлі республикалық және халықаралық додалар алдында құстардың ептілігін, бүркітшілердің шеберлігін сынап, мықтыларды анықтап алу. Бекзат өнерді қалың бұқара арасында кеңінен насихаттау.
Түсей Әбдікерім, құсбегі:
Биылғы жетістігі - 18 түлкі, бір қасқыр алды. Енді жарысқа Павлодарға барамыз. Жеңіп қайтамыз деген үмітіміз бар.
Бүркітбай Файзолла, облыстық Ұлттық спорт түрлері федерациясының президенті:
Қарағанды қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы чемпионатта біздің бір оқушымыз 3-орын алды. Ол да болса біздің жыл сайынғы істеп жатқан жұмысымыздың нәтижесі. Өзіміз солай түсінеміз. Барлығы қызықтап, осы өнерді үйренуге талпынып жатыр.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21