Израильде үш автобус жарылды
Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, бұл террористік шабуыл болуы мүмкін. Тағы екі автобуста бомбалар іске қосылмай қалған. Құрбандар туралы мәлімет жоқ. Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, жарылғыш заттардың бірінде «Тулкарм үшін кек» деп жазылыпты. Айта кетсек, Израиль армиясы жыл басынан бері Батыс жағалаудағы палестиналықтардың Тулкарм лагерінде ираншыл қарулы топтарға қарсы әскери операция жүргізіп жатыр. Тель-Авивтегі оқиғаға байланысты күдіктілерді іздеу басталды.
Хайм Заргаров, Тель-Авив полиция бөлімшесінің командирі:
Біз жарылыстар туралы бірнеше хабар алдық. Жалпы алғанда, әзірге бес жерге бомба қойылғаны белгілі. Олардың үшеуі іске қосылды. Пойыздар мен автобустарды тексеріп болдық. Енді күдіктілерді анықтауымыз керек.
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
