Перизат Қайраттың ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перизат Қайраттың ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды

19.02.2025

Қайырымдылық қорының құрылтайшысы болған Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс материалдары 100 томнан асқан. Ол алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша тергеліп жатыр. Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары тергеу аяқталуға жақын екенін, ал наурызда танысуға берілетінін айтты. Агентіктің дерегінше, Перизат Қайрат тасқын кезінде қайырымдылық қоры арқылы жиналған 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген. Палестина халқына қайырымдылық үшін жиналған қаражатты да қолды етті деген күдік бар. Қаңтар айының соңында мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құру үшін аукцион ұйымдастырғаны да белгілі болды. Шамамен 22 млн теңге жинап, өз қажетіне жұмсаған көрінеді. Бірнеше пәтер, жеке үй және автокөлік сатып алған.

Сондай-ақ Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға да қылмыстық іс қозғалған. Оған алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыруға қатысты деген айып тағылып отыр.

Темірлан Нұрсолтанов


Хабарламаларға жазылу