«Жомарт» шахтасындағы апат: Комиссия жұмысын 10 күнде аяқтайды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ұлытау облысы «Жомарт» шахтасындағы апаттан қаза тапқан жұмысшылардың отбасына көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек деді. Ал, Премьер-министр орынбасары, арнайы құрылған комиссияның басшысы Қанат Бозымбаев апатқа қатысты соңғы мәліметтерді айтты. Оқиға салдарынан 7 адам қаза тапты, 402 адам эвакуацияланды. Апат орнында төтенше жағдайлар жедел штабы құрылып, кеше үкімет комиссиясы тергеп-тексеру жұмысын бастады. Алдын ала болжам бойынша шахтада табиғи газ жарылған.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Екі арнайы шағын комиссия құрылды, оның бірі апаттың туындау себебін, екіншісі қандай техникалық қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтауы тиіс. Аталған комиссиялар өз жұмысын 10 күннің ішінде аяқтауы қажет. Қазір шахтаның жұмысы уақытша тоқтатылды.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06