Таразда 350 млн ₸ ұрлаған күдікті ұсталды
Таразда аурухана шотындағы ақшаны өзіне аударып алған күдікті ұсталды.
33 жастағы ер адам былтыр мамырда облыстық балалар ауруханасының жеке деректер базасын бұзған. Бас есепшінің компьютеріне қашықтан кибершабуыл жасап, 2 сағатта 350 млн теңгені қолды қылған. Мол қаржыны екіге бөліп өзге шотқа аударып жіберген. Транзакция тарихын тексергенде есепшот иесі Ақтөбеде тіркелгені анықталды. Әзірге күдікті қаржының 305 млн теңгесін қайтарған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ПД баспасөз хатшысы:
Қылмыстық істің материалдары қосымша тергеу жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу Департаментіне жіберілді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04