Қостанай облысында сүт фермасы ашылды
Қостанай облысының Степанов ауылында заманауи сүт фермасы ашылды. Жақында шаруашылық Даниядан 400 сауын сиыр әкелді. Жыл аяғына дейін олардың санын 1200-ге жеткізу жоспарланған. Қазір фермада 30 шақты жергілікті тұрғын еңбек етеді. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде жұмысшылар саны тағы да көбейе түспек. Ферманың құны 7 миллиард тенгеге жуық. Бұл қаржының 30 пайызы шаруашылыққа тиесілі болса, қалғаны жеңілдетілген несие есебінен берілген мемлекет қаржысы. Жалпы, облыста биыл 6 сүт тауарлы фермасы ашылады деген жоспар бар.
Асылбек Айқадамов, ферма басшысы:
Мұнда енді бұзаулап жатқан сиырлар бар. Қазір 21 литр сүт беріп жатыр. Жоспар бойынша 26-27 литрге жеткізетін ойымыз бар. Жоба бойынша жылына 9 мың тонна сүт сауылуы керек. 7-8 жылда, әрі кетсе 10 жылда ақтап шығады деп ойлаймыз. Қазір күніне 6 тонна сүт тапсырып жатырмыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17