Палестиналықтар батыс жағалаудан босып кетті
Израиль ауыр техникамен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Тулкарм босқындар лагерін бұзып жатыр. Бүгінде қалаға айналған және оккупацияланған территорияға жүздеген жауынгер мен бульдозер енгізілген. Олардың әрекетінен қауіптенген лагердің халқы босып кетті. Израиль бұл операцияны қаңтардың 21-де, яғни Газа секторындағы соғыс аяқталған соң бастады. Содан бері ондаған мың палестиналық үйлерін тастап кеткен. Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, Тулкармдегі рейдтің мақсаты – осы аумаққа шоғырланған ираншыл қарулы топтарды жою. Алайда әскери операциядан үйлермен бірге қаланың су жүйесі және электр желісі де қирап жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04