Азиада: Чемпиондар мен жүлдегерлер елге оралды
Шорт-тректен Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері елге оралды. Спортшылар төрт жыл сайын өтетін құрлықтық додада тарихи нәтиже тіркеді. Олар 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды. Азиадада көк туымызды көкте желбіреткен атлеттерді күтіп алуға әріптесім Асылбек Данияр барып қайтты.
Асылбек Данияр, тілші:
Қымбатты көрермен, Харбиндегі Азия ойындарында тарихи нәтижеге қолжеткізген шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері елге жетті. Жалпы спортшыларымыз үшін сарықұрлық бәсекесі олжалы болды деп те айтуға болады. 2000 метрлік аралас командалық эстафетада спортшыларымыз күміс, 3 000 метрлік әйелдер арасындағы командалық эстафетада да күміс медаль жеңіп алса, ерлер құрамасы 5 000 метрлік эстафетада чемпион атанды. Біздің атлеттерімізді сән-салтанатымен қарсы алып жатыр. Тура бір әскери шеруде жүргендейміз. Мінекей атмосфера мынадай.
Абзал Әжғалиев, шорт-тректен ұлттық құрама мүшесі:
Осы 14 жылдан кейін өзім Азия ойындарында өнер көрсеттім. Ең керемет сезім - осы Туымыздың биік көтерілгені, Әнұранымыздың ойнағаны. Бұл сезімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын.
Асылбек Данияр, тілші:
Азия ойындар біткеннен кейін жігіттер тағы да олжалы болды. Миланда өткен Әлем Кубогында ерлер командалық эстафетада қола жүлдеге ие болды. Бұл сында ел намысын Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша және Мерсаид Жақсыбаев қорғаған болатын. Енді алда жауапкершілігі мол тағы бір бәсеке келе жатыр. Ол наурызда өтететін - Әлем чемпионаты. Құрама мүшелері бұл сында да намысты қолдан бермейміз, дейді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылорда облысында электр желілері мен станциялар жаңарып келеді
22.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» Жылыой ауданына әлеуметтік көмек көрсетті
22.12.2025, 20:43
Семейде оқушылар сарайы ашылды
22.12.2025, 20:40
«Жыл адамы»: Қазақстандықтардың таңдауы — Қ.Тоқаев пен Димаш
22.12.2025, 20:38
Еңбек адамының құқығын қорғау жүйесі күшейтіледі
22.12.2025, 20:37
2 млн 524 мың адам зейнетақы алды
22.12.2025, 20:10
Ұлттық құрылтайдың жұмыс секцияларының отырысы өтті
22.12.2025, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
22.12.2025, 20:07