Мыңдаған адам Трамп пен Масктың бастамаларына қарсы шеру өткізді
АҚШ астанасы Вашингтон мен Техас штатында мыңдаған адам Дональд Трамп пен Илон Маскқа қарсы шеруге шықты. Олар федералды агенттіктерде қаңтардан бері болып жатқан өзгерістерге наразы. Билікке оралғаннан кейін Трамп Маскты «үкімет тиімділігі» атты бейресми департаменттің басшысы еткені белгілі. Бюджет шығындарын азайтуды қолға алған бұл құрылым мыңдаған жұмыс орнын қысқарту бастамасын ұсынған еді. Шеруге шыққандар миллиардерге тым көп билік берілді деп сынға алды. Бұған қоса олар Конгресті Трамп пен Маск қабылдаған шешімдердің күшін жоюға үндеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04