Түркиядағы лаңкестікке қарсы рейдте 282 адам тұтқындалды
Түрік полициясы Күрдістан жұмысшылар партиясымен байланыста деген күдікпен 282 адамды тұтқындады. Ішкі істер министрі Әли Йерлікаяның хабарлауынша, ұсталғандардың ішінде журналистер, саясаткерлер, академиктер бар. Сонымен қатар, күрдтер әкімдік қызметтен аластатылып жатыр. Олар аталған партияны насихаттады, қаржыландырды, шерулер ұйымдастырды деп айыпталып отыр. Рейдтер бес күн бұрын 51 провинцияда басталды.
Айта кетсек, Күрдістан жұмысшылар партиясы Түркия мен Батыс елдерінде террористік ұйым саналады. Оның мүшелері 1984 жылы мемлекетке қарсы көтеріліс бастағалы, екі жақ арасындағы қақтығыстардан 40 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Каратэшілер 5 медаль ұтты
22.09.2026, 13:21
Алакөл жағалауына қуатты электр желісі тартылып жатыр
22.09.2026, 13:12
Ресей қатерлі ісікке қарсы бірнеше вакцинаны сынауда
22.09.2026, 13:09
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 13:06
Неміс автоконцерні төрт зауытты жабуды жоспарлап отыр
22.09.2026, 13:03
Рөлін сол жаққа ауыстырып алған көлікпен жолаушы тасуға болмайды
22.09.2026, 13:00
Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
22.09.2026, 12:34
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07