Еуропа елдерінің лидерлері Парижде шұғыл саммит өткізді
Еуропа елдерінің лидерлері Парижде шұғыл саммит өткізді. Олар Мәскеу мен Вашингтон Еуропаның қатысуынсыз Украинаға қатысты келіссөз өткізіп жатқанда не істеу қажеттігін талқылаған. Ресей мен АҚШ делегаттары бүгін Сауд Арабиясында кездеспек. Ал Елисей сарайында өткен жиынға Еуропа елдерінің лидерлері, НАТО мен ЕуроОдақ басшылары қатысты.
Саммит соңында қандай да бір нақты шешім туралы жарияланған жоқ. Алайда ЕуроОдақ пен НАТО қорғанысқа көптеп қаржы құюға, дәлірек айтсақ бұл салаға жалпы ішкі өнімнің 2 пайыздан астамын жұмсауға келісті. Сондай-ақ олар Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруге уәделескен.
Олаф Шольц, Германия канцлері:
Еуропа пен АҚШ арасында қауіпсіздік пен жауапкершілікке қатысты бөліну болмауы тиіс деген Еуропаның саяси лидерлерінің мәлімдемесімен толықтай келісемін. Басқаша айтар болсам - НАТО өзіне мүше елдер әрқашан бірге әрекет етеді деген қағидаға негізделген. Қауіпсіздік мәселесі бәрімізге ортақ. Бұған күмән болмауы тиіс.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбылдық жастар қарт кісілерге көмектесті
08.01.2026, 13:27
Елордалық оқушылар энергия үнемдеу туралы дәріс тыңдады
08.01.2026, 13:24
Абай облысында туризмді дамытуға мүмкіндік мол
08.01.2026, 13:21
Депутаттар халықпен кездесуде
08.01.2026, 13:18
Еуропадағы қалың қар халықты әбігерге түсірді
08.01.2026, 13:15
Еуропада күн райына байланысты 700 әуе рейсі шегерілген
08.01.2026, 13:12
АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығатынын мәлімдеді
08.01.2026, 13:09
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1052 қылмыстық іс қозғалған
08.01.2026, 13:06