«Жомарт» кенішінде табиғи газ жарылған
«Қазақмыс» корпорациясының мәліметінше, кеніште табиғи газ жарылған. Біздің Қарағанды қаласындағы түсіру тобымыз «Жомарт» кенішіне жету үшін түнде жолға шыққан болатын. Он сағат дегенде Жезқазған қаласына жетті.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Апат болған аумақ біз тұрған Жезқазған қаласынан 200 шақырым жерде. Жол нашар болғандықтан, діттеген жерге дейін әлі екі сағаттан астам жүруге тура келеді. «Жомарт» кеніші 2006 жылы қолданысқа берілген, онда мыс сульфиді өндірледі. Түнде оқиға орнына жеткен құтқарушылар айналасы 4 сағаттың ішінде топырақ астында қалған 6 жұмысшының денесін алып шықты. Араға 1 сағат салып, тағы бір адамның мәйіті табылды. Сот медициналық сараптама жасау үшін жұмысшылардың денесі полицияға тапсырылды. Қазір ол жақта арнайы штаб жұмыс істеуде. Ұлытаудан бөлек Қарағанды облысынан арнайы келген төтенше жағдайлар қызметкерлері де кеніш басында. Астанадан дәрігерлер мен психологтар келіп, көмек көрсетуде. Әзірге бар ақпарат осы. Алдағы уақытта «Жомарт» кенішінен тікелей байланысқа қосыламыз.
Жандос Бақтұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15
Эйфель мұнарасын уақытша жапты
08.09.2026, 13:12
Ресейге баратын қазақстандықтарға қатаң талап қойылды
08.09.2026, 13:06
«Жібек жолы» кеден бекеті қазанда ашылады
08.09.2026, 13:03
Өнеркәсіп саласына 183 мың маман қажет
08.09.2026, 13:00